Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 сәуір 2019

54

Жаңалықтар

ХАЛАЛ ДАМУ: 30 КОМПАНИЯҒА «ХАЛАЛ» СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

Жыл басынан бері ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС барлығы 30 компанияны сертификаттап, 7 компанияның қызметін тоқтатты.  Қазіргі таңда барлығы 282 компания «Халал Даму» ЖШС-ң бақылауында.

Өңірлік өкілдердің аймақтарда жүргізген оқу-семинары нәтежиесінде 17 қасапшы шариғат әрі халал стандартқа сәйкес  мал сою талаптарын үйреніп,  «ҚМДБ халал қасапшысы» куәлігі мен сертификатына, жеке мөрге ие болды.

Соңғы үш айда «Ұлттық экспертиза орталығының» 14 өңірлік және екі қалалық мекемесінен, «Treegene» молекула-генетикалық зертханасынан барлығы 29 өнім лабораториялық тексерістен өтті.

Әр айдың соңында өңірлік жауапты бақылаушы-инспекторлардың қатысуымен «айлық тексеріс жұмыстары» жүргізіліп, тексеріс нәтежиелері «Халал Даму» ЖШС-на тиесілі әлеуметтік желілерде тұтынушылар назарына ұсынылып отырды.

«ҚМДБ халал» логотипін заңсыз пайдаланған 5 мекемеге қатаң ескерту шаралары  қолданылды.

Сонымен қатар, Монғолия мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Батырбек Хадыс мырзаның қатысуымен «Халал Даму»  ЖШС арасында «Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға»  қол қойылды.

Жыл басында мұсылмандардың қара шаңырағы ҚМДБ-ның бас ғимаратында «Халал Даму» ЖШС-ның штаттық қызметкерлерінің және өңірлік өкілдерінің қатысумен жылдық қорытынды жиын өтті. Үздік қызметкерлер ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы алғыс хатына ие болды.

Халықтың «халал және харам» жөнінде сауатын арттыру мақсатында еліміздегі түрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, танымдық-насихат шаралары белсенді түрде орындалып жатыр.

https://www.muftyat.kz/kz/news/17010

Бөлісу: