Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 маусым 2019

42

Жаңалықтар

Тараз өңірінде Халал өнімдердің жәрмеңкесі өтті

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде «Халал» сертификатын алған өндірістердің өнімдері ұсынылған жәрмеңе өтті. Шараға Нұр-сұлтан қаласынан келген ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сарапшы-технолог мамандары қатысты. 

Жәрмеңкені ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл ашып, сөз сөйледі. Өкіл имам өз сөзінде: «Біздіңше, халал өнім дегеніміз не? Ол доңыз еті, спирттік қоспалар қосылмаған өнім деп қысқаша түсінетіндер бар. Негізі, халал өнім дегеніміз – сапалы өнім. Адам баласының денсаулығына зиянын тигізбейтін, пайдасы бар зат дегенді білдіреді. Қазақстан бойынша халал сертификатын алғандардың ішінде 25-30 пайызы Жамбыл облысынан шығатын тағамдар» - деп атап өтті.

 ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының жетекшілігімен өткен іс-шараға сауда орталықтарының басшылары, қала тұрғындары келіп қатысты. Ал көпшілікке ЖК Досматов, ЖК Тахир, ЖК Исматов, «Әулиета құс», «Дас», «Ақниет», ЖК Қыдырбаев сынды 10 шақты халал өндіріс орындарының өнімдері ұсынылды.

ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов Жамбыл облысын «Халал шұжықтың орталығы» деп атады. Жәрмеңке аталған халал тағамдарға жарнама жасай отырып, халықты адал ас тұтынуға шақырды. Ал сауда орталықтарының иелері болса, жәрмеңкеде ұсынылған өндіріс орындарымен келісім шарт жасасуға, өз сауда орындарында осы өнімдерді сатуға шақырды.

Өкіл имам шара соңында ҚМДБ халал сертификатын тек Қазақстан фабрика, цехтары ғана емес, көршілес Ресей сынды елдер де алып жатқанын, алуға тырысып жатқанын жеткізді.

Бұл көрсеткіш арқылы ҚМДБ «Халал Даму» жұмысының, зертханасының шариғат талаптарына сай болуды қаншалықты қатаң тексеретінін аңғаруға болады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: