Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 қараша 2019

58

Жаңалықтар

ХАЛАЛ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІ КӨКШЕТАУДА

Көкшетау қаласына арнайы іссапармен барған халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгершісі С.Сейтбеков өңірлік «Бижан» ет комбинатында болып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты.

1998 жылдан бері жұмыс жасайтын ет комбинатында 80-нен астам  шұжық түрлері, мұздатылған жартылай дайын өнімдер, консервілер өндіріледі. Комбинат стандартқа сай соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған жеке мал сою цехымен қамтамасыз етілген. Аталған мекеме жергілікті халықты ғана емес, еліміздің бірқатар өңірлерін экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта, «Халал Даму» ЖШС-ң жауапты өкілі Науан Мүтәлұлы «Бижан» ет комбинатымен халал сертификаттау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізетін болады.

Сонымен қатар, бөлім меңгерушісі облыстық бас имам Қуаныш Сәбитпен бірге Көкшетау қаласындағы «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған бірқатар нысандарда тексеріс жұмыстарын жүргізді.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: