Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қараша 2019

76

Жаңалықтар

«Курочка Ряба» құс фабрикасы тексерілді

«ҚМДБ халал» сертификатын алған барлық компанияға ай сайын қадағалау жұмысы жүргізіледі. Еліміздің әр өңірінде жауапты өкілдер өзіне бекітілген мекемеде кестеге сай тексеріс жүргізіп, орындалған жұмыс нәтижесін ұсынып отырады.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында орналасқан «Курочка Ряба» – еліміздің солтүстік өңірін толығымен құс өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған, құс етін өндіру және өңдеумен айналысатын «Ақмола Феникс» және Сapital Projects LTD ЖШС-нің бірлескен ірі құс фабрикасының бірі.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков, технолог А.Бақытқызы, Ақмола облысы бойынша жауапты өкіл Н.Мүтәлұлы және Целиноград ауданының бас имамы Ә.Жапишев аталған құс фабрикасында айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді. «Курочка Ряба» құс фабрикасы директорының орынбасары Ә.Мусина күтіп алып, құс фабрикасының жұмысымен толық таныстырып, бірге тексеріс жұмысына қатысты.

Мекеме үлкен көлемде құс етін өндіруге қауқарлы. Халал стандартқа сәйкес тауықты қолмен «Бисмиллә» айтып сою қажет. Қасапханада 5 қасапшы халал стандарт талаптарына сай құсты қолмен бауыздайды. Конвейрде айналуы 3 минут 47 секунд, сулы ванна температуарсы (ошпарка) 51/53 градус аралығында. Құс жемі ретінде арнайы Германиядан тасымалданатын таза азық қолданылады. Кәсіпорында құс етін дайындаумен қатар шұжық өнімін де шығарады. Әрине, шұжық өнімдері де халал стандартына сай жасалуда.

«Курочка Ряба» құс фабрикасының барлық процесі ҚМДБ халал стандарт талаптарына сәйкес жұмыс жасап отыр. Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков кәсіпорын директорының орынбасары Ә.Мусина ханымға талапқа сай халал өнімдерін өндіруге қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.



ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: