Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 желтоқсан 2019

41

Жаңалықтар

Халал бөлімі мамандары семинарға қатысты

Ұлттық аккредиттеу орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында халал мәселесіне қатысты семинар өтіп жатыр. Осы семинарға Түркия стандарттау институтына қарасты Халал стандарттау орталығының бас маманы Мухаммед Озхан Гюндуз дәріс оқуда.

Бұл Халал стандарттау орталығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына қарасты 39 ел мақұлдаған «Ислам мемлекеттерінің метрология және стандарттау институты» (SMIIC) стандартына сәйкес халал саласын жүргізіп келеді. Түркия еліндегі халал саласының қалыптасуы мен жүйесінің тәжірбиесінін бөлісу мақсатында өтіп жатқан осынау шараға түрлі мекемелерден арнайы мамандармен қатар ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлім мамандары мен жақын облыстардағы өкілдері семинарға шақыртылды.

SMIIC ұйымы аясында қалыптасқан Түркия стандарттау және метрология мекемесі лабораториялық зерттеу, аккредиттеуде бірізділікті жүзеге асырып, кәсіби білім беру мен техникалық көмек көрсетуді басты назарға алады. Сол мақсатта Түркиядан келген лектор Мухаммед Озхан Гюндуз «Халал өнімдерге құжаттың жүргізілуі: мақсаты мен тапсырмалары», «Түркиядағы және әлемдегі стандарттау процессі», «Халал өнімдерге қойылатын жалпы талаптар TS/SMIIC», «Терминдер мен анықтамалар», «Өндіріс пен қызмет»,  «Сертификаттау ережелері», «Тағам өндірісі», «Өндіріс және құрал-жабдықтар» секілді халал саласының өзекті тақырыптары жайында үшкүндік дәріс жүргізуде.

Семинарға халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков, ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС-і өңірлік бақылаушы инспекторлары және бөлімнің технолог мамандары да қатысты.

Халал өнімдерін стандарттау бөлімініңм баспасөз қызметі

Бөлісу: