Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 желтоқсан 2019

26

Жаңалықтар

Халал бөлімінің өкілі жетімдер үйінде

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Тараз қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизовтың бастамасымен Тараз қаласындағы №4 мүгедек балалар мен «Сарымолдаев» жетімдер үйі тәрбиеленушілеріне халал стандарт бойынша жұмыс жасайтын кафелердің иелері Б.Закиров және Ш.Шакирович арнайы дастархан жайып, қайырымдылық кешін өткізді

Ізгі бастаманың басы-қасында жүрген Н.Миразизов №4 арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының директорының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 14 өңірінде бас мүфтидің бұйрығымен халал өнімдерін стандарттау бөлімінің жауапты өкілдері бекітілген болатын. Әр өңірдегі стандарттау және сертификаттау жұмыстары, оқу-семинарлар, тексеріс, қадағалау, бақылау, лабораториялық зертханаға жөнелтілу, халал бойынша уағыз-насихат, айлық тексеріс жұмыстарының барлығы халалдың өңірлік өкілдерінің қызметі арқылы жүзеге асып жатыр.

Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: