Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 желтоқсан 2019

36

Жаңалықтар

«Адал ас – жанға дауа» атты семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ақ мешітте» бас имам Дәурен Муслимовтің ұйымдастыруымен «Адал ас – жанға дауа» атты семинар өтті. Семинардың мақсаты – жамағатқа адал ас жайында қажетті мәлімет беру. Семинарды бас имамның өзі ашып, адал табыс пен еңбек ету жайында дәріс оқыды.

Жиынға ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков және «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысты. Бақытжан Өткелбаев семинарды ұйымдастырған «Ақ мешіт» имамына және келген жамағатқа Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі атынан ризашылығын білдірді.

Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков адал ас жайында дәріс оқып, өзі жетекшілік ететін бөлімнің атқарып жатқан қызметі жайында түсіндірді. Күнделікті қолданып жүрген азық-түлігіміз бен өзге де тұрмыстық заттарыдың тазалығы мен адалдығына аса мән беру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар халал сертификатын берудегі мақсат пен оның маңызын түсіндіре келе сертификат алудың шарттарын айтып өтті. Шариғат бойынша мал сою ережелерін, мал мен құс өсіруде ескеруге тиіс жайттар жайында айта келіп, мұсылман баласы астың адалдығына мән бермесе құлшылық пен дұғаның қабыл болуына зияны тиетінін аят пен хадистер аясында түсіндірді.

Бөлісу: