Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 желтоқсан 2019

50

Жаңалықтар

Халал бөлімнің жауапты өкілдері тексеру жүргізеді

Еліміздің әр облысында Бас мүфтидің бұйрығымен халал өнімдерін стандарттау бөлімінің жауапты өкілдері бекітілген болатын. Әр өңірдегі халал бойынша стандарттау және сертификаттау жұмыстары, оқу-семинарлар, тексеріс, қадағалау, бақылау, лабораториялық зертханаға жөнелтілу, адал ас жөніндегі уағыз-насихат, айлық тексеріс жұмыстарының барлығы осы халалдың өңірлік өкілдерінің қызметі арқылы жүзеге асып жатыр.

«ҚМДБ Халал» стандарт талаптарының басты ерекшелігінің бірі – сертификат алған мекемелерде ай сайын тексеріс жұмыстарының жүргізілуі. Тексеріс екіжақты келісімшартқа сәйкес айдың кез-келген он күндігінде алдын ала ескертусіз бару арқылы орындалады. Тексеріс барысында акт толтырылып, фотоесеп тұтынушылар назарына ұсынылады.

Өкілдерің бастамасымен еліміздің мешіттерінде халалдың бұрыштамасы жасалып, ақпараттық баннерлер мен плакаттар ілінді. Тұтынушылардың сұранысы бойынша ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық көлемде «Адал ас» турасында уағыз-насихаттар жүргізілді. Халал өкілдердің ұйымдастыруымен қайырымдылық шаралары да өткізілді.

Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: