«Алтын таға» мен «Столичная трапеза» мекемесі тексерілді
ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, сарапшы-технолог Арайгүл Бақытқызы және «Астана» медресе-колледжінің практиканттары елорда жанындағы Қосшы ауылында орналасқан «Алтын таға» мен «Столичная трапеза» мекемесінің жұмысымен танысты әрі кезекті тексеріс жұмысын жүргізді.
«Алтын таға» қасапханасы шариғат талабы бойынша мал сойып, тиісті мекемелерге сатумен айналысады. Сонымен қатар аталған қасапханадан шыққан ет өнімдерін «Столичная трапеза» атты шұжық мекемесі өндіріске айналдырып, халал стандартына сай шұжық шығаруда. Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сейтбеков екі мекеменің жұмысымен танысып әрі тексеріс жүргізді.
Айлық тексеріс әр айдың кез-келген он күндігінде жүргізіледі және арнайы акт толтырылады. Тексерісте халал стандарт талаптарының сақталуы, малдың шариғат талаптарына сай сойылуы, өңделуі, сақталуы, тасымалдануы секілді барлық процесстің халал стандартына сәйкес келуі қарастырылды. Шұжық цехында халал қолданылатын тағамдық қоспалар да тексеріліп, санитарлық талаптардың сақталуы ескерілді.
Тексеріс қорытындысы бойынша аталған мекемелерде талапқа сай жұмыс жасалып жатқаны белгілі болды.
Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі