Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қаңтар 2020

33

Жаңалықтар

Елорда әкімі мешіт құрылысымен танысты

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан мешіт құрылысымен танысты. 

Республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр.

30 мың адамға есептелген мешіттің мұнаралары 130 метр, ал басты күмбездің биіктігі 88,2 метрден асады. Қала әкімдігі мешітке инженерлік желілер мен коммуникацияларды жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу: