Павлодарлықтарға халал стандарты жөнінде түсіндірілді
ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Павлодар аймағы бойынша жауапты өкілі ҚазбекКакенов Май ауданын тұрғындарына шариғатымыз бұйырған адалдық пен халал стандарты жайында насихат жұмыстарын жүргізді.
Семинарға аудандағы шағын өнеркәсіп иелері, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер, ішетін ас-суының адалдығына мән беретін өзге де тұтынушылар қатысты.
Оқу-семинарда халалдың дініміздегі маңызы, шариғат және стандарт талаптарына сай мал сою тәртібі, халал стандарт бойынша өнім өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сертификат алған мекемелердің қадағалануы мен тексерілуі турасында ақпарат берілді.
«Халал Даму» ЖШС-ның технолог мамандары дайындаған «Е тағамдық қоспалар» слайды және электронды кітабы таныстырылды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан Какенов Қазбекке көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарын алып қорытындылады.
Халал өнімдерді стандарттау бөлімі