Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 қаңтар 2020

28

Жаңалықтар

ХАЛАЛДЫҢ МАМАНДАРЫ СЕМЕЙДЕ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің бас технологы Айжан Омарова мен сарапшы-технолог маманы Сафиев Данияр Семей қаласына арнайы іссапармен барды.

Іссапар барысында технологтардың қатысуымен «Арай East Food» шұжық цехында айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Тексеріс нәтижесі бойынша, «Арай» шұжықтары ҚМДБ халал стандарт талаптары бойынша өндірілетіндігі анықталды.

Сонымен қатар, Семей аймақтық орталық мешітінде «Ас адамның арқауы» тақырыбында ауқымды оқу-семинар өткізілді.

Семинарға аумақтағы ірі және шағын өндірісі бар кәсіпкерлер, ет саудасымен айналысатын қасапхана иелері мен қасапшылар, мешіт ұстаздары, имамдар және өзге де ас-суының халалдығына аса мән беретін тұтынушылар қатысты.

Адал астың құлшылығымыз бен өмірімізге тигізер пайдасы мен зияны, халал стандарт бойынша өнім өндіру технологиясы, «Е тағамдық қоспалар» турасында кеңірек ақпарат беріліп, технологтар дайындаған «Тағамдық қоспалар» кітабының мазмұны таныстырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Халал өнімдерді стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: