Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 қаңтар 2020

40

Жаңалықтар

«НҰРЛЫ ҚҰС» ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы облысы бойынша өкілдігі сертификаттаудан өткен мекемелерде кезекті айлық тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

Кезекті тексеріс жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбілдің басшылығымен «Нұрлы құс» құс фабрикасында өтті.

Тексеріс қорытындысы бойынша - құстардың жемі, өсірілуі, бауыздалуы, сақталуы, тасымалдануы стандартқа толығымен сәйкес келетіндігі, құс фабрикасы жұмысының барлық кезеңінде халал стандарт талаптары толығымен сақталғандығы анықталды.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: