Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қаңтар 2020

24

Жаңалықтар

«ТАХИР» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Тараз аумағы бойынша жауапты өкілі Миразизов Нұрматжан айлық тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі айлық тексеріс «Нур Алтын», «Сано», «Мясной стандарт», «Руслан», «Aziz», «Колбасоff» сауда белгілерімен шұжық өнімдерін шығаратын «Тахир» ЖК-де өтті.

Тексеріс қорытындысы бойынша, «Тахир» шұжық цехы санитарлық және ҚМДБ халал стандарт талаптарына толықтай сай екендігі анықталды.

Естеріңізге салай кетсек, әр ай сайын ҚМДБ халал сертификатына ие болған мекемелерде айдың кез-келген он күндігінде тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұрады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: