Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қаңтар 2020

54

Жаңалықтар

«АЛАТАУ-ҚҰС» ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ң айлық тексеріс жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Әр аймаққа жауапты облыстық өкіл өз қарамағындағы сертификатталған мекемелерді түгелдей ай сайын тексеріп отыруы міндетті.

Осындай тексеріс жұмыстарын Алматы облысы өкілдігінде де бастап кетті. Алматы облысы бойынша жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбіл «Алатау-құс» фабрикасын айлық тексерістен өткізді.

Тексеріс кезінде құс фабрикасының ҚМДБ халал стандартын сақтай отырып өнім өндіруі, жұмыс жүргізілуі басты назарға алынады.

Айлық тексеріс қорытындысы бойынша, «Алатау-құс» фабрикасының жұмысы халал стандартқа толықтай сай екендігі анықталды.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: