«ИШТАЕВ» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ
ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ң облыстық өкілдері сертификаттаудан өткен барлық мекемелерді кезекті айлық тексерістен өткізуде.
Шұжық өндірісі бойынша алдыңғы қатардан орын алатын өндірістік аймақтардың бірі – Тараз.
Облыстық өкіліміз Нұрматжан қажы Миразизов өзіне қарасты Тараз өңіріндегі барлық шұжық цехтарында бақылау, қадағалу, тексеру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп тұрады.
Бүгін, «Салем», «ZARAVSHAN», «Азия», «А.Д.А.Л.», «Адель», «Радуга мусульманская вареная», «Халтау», «Версаль», «Қазақ батыр» сауда белгілерімен танылған «Иштаев» шұжық цехында кезекті айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс қорытындысы бойынша, «Иштаев» шұжық цехындағы барлық жұмыстар ҚМДБ халал стандарт талаптарына толықтай сай екендігін хабарлайды.
Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі