Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қаңтар 2020

56

Жаңалықтар

«ХАЛАЛ ӨНІМДЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Халал Даму» ЖШС-ң бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызының қатысуымен «Халал өнімдер технологиясы» тақырыбында семинар өткізілді.

«Инабат қыздар клубының» ұйымдастыруымен өткізілген семинарға мешіттің әйел жамағаты, ұстаздар қатысты.

Семинарда ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ң атқарып жатқан қызметі, стандарттары,  мекемелерді сертификаттауда қойылатын талаптары, тексеріс жүргізуі жөнінде қысқаша таныстырылып, халал және харам турасында жалпы ақпарат берілді.

Халал өнімдер технологиясындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктер, шариғат талаптарына сай өнім өндіру мен тұтынудың өміріміз бен құлшылығымызға тигізер пайдасы жөнінде айтылды.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: