АҚМОЛАДА АЙЛЫҚ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ң Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Муталов айлық тексеріс жұмыстарын жүргізуде.
Тексеріс сертификаттаудан өткен "Firdausi", "Istambul bakery", "Zaityn" секілді дәмханалар, қақталған ет өнімін өндіретін "Lotos" ЖК-да мен мешіт асханаларда өтті.
Асханаларға жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша, барлық мекемелерде халал стандарт талаптары сақталып, рұқсат етілген өнімдер ғана қолданатындығы анықталды.
Ай соңына дейін қалған мекемелер тексерілетін болады.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі