Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 қаңтар 2020

34

Жаңалықтар

Алматы облысы: кәсіпорындар айлық тексерістен өтті

Қаңтар айы бойынша айлық тексеріс Алматы облысында да қызу жүріп жатыр.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбілдің басшылығымен Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында орналасқан асханалар, Талғар ауданы «Жұлдыз» базарындағы қасапхана мен осы аудандағы асханалар және ет дүкендері тексерілді.

Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық болмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті.

Алдағы уақытта қалған кәсіпорындарда айлық тексеріс жалғасатын болады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: