Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 қаңтар 2020

1037

Жаңалықтар

"BRAVO" фаст-фуд өнімдері тексерілді

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Маратхан Чадаев “Bravo” сауда белгісімен танылған «Adal Food Company» ЖШС-да  айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Алматы қаласы, Сейфулин көшесі, 404 мекен-жайында орналасқан мекеме - сэндвич, хотдог, гамбургер, бургер секілді фаст-фуд өнімдерін дайындаумен айналысады.

Тексеріс қорытындысы оң нәтижені көрсетіп, фаст-фуд өнімдері өндірісінде «ҚМДБ халал» стандарт талаптары қатаң сақталатындығы анықталды.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: