ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ ТЕКСЕРІСІ ТОЛЫҚТАЙ ОРЫНДАЛДЫ
Қаңтар айының кезекті тексеріс жұмысы Шымкент қаласы бойынша өз мәресіне жетті.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбек өз жауапкершілігіндегі мекемелерде тұрақты түрде қадағалау жүргізуді қолға алған.
Кезекті айлық тексеріс барысында халал стандарты бойынша сертификаттаудан өтіп, халал сертификаты берілген барлық мекемелер мен шағын кәсіпорындар түгелдей дерлік тексерді.
Тексеріс қорытындысы оң нәтижені көрсетіп, мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптары бойынша жұмыс жасап жатқандығы анықталды.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі