Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 ақпан 2020

20

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ:ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНДА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында» дәріс оқыды.

Әр өңірдеген жиналған имамдарға арналған халал тақырыбында өткізілген семинарда «Халал Даму» ЖШС-ң қызметі, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жасалынған 3 стандарты,  мекемелерді сертификаттауда қойылатын өзіндік талаптары, ай сайын тұрақты бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі жөнінде жалпы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, «Е тағамдық қоспалар», халал өнімдер технологиясындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктер, шариғат талаптарына сай өнім өндіру мен тұтынудың өміріміз бен құлшылығымызға тигізер пайдасы жөнінде айтылды.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: