Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 ақпан 2020

38

Жаңалықтар

АТЫРАУ: КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Гумаров Эммат «Жылыой мешітінің» ұйымдастыруымен аудандық кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

«Халал сертификат алудың маңыздылығы» тақырыбында өткізілген  дөңгелек үстелде «ҚМДБ халал» стандарты бойынша өнім өндірудің  технологиясының өзгешелігі мен ерекшеліктері, қойылатын негізгі талаптары, зертханалық тексерістен өту процессі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі толықтай түсіндірілді.

Сонымен қатар, шариғатымыздағы «Халал және харам» ұғымы, «Е тағамдық қоспалар»,  шариғат талаптарына сай өнім өндіру мен тұтынудың пайдасы жөнінде айтылды.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Кәсіпкерлер құнды ақпаратпен бөліскен Гумаров Эммат өкілге алғысын білдіріп, алдағы уақытта «ҚМДБ халал» стандарты бойынша өнім өндіріп, жұмыс жасауға қызығушылық танытқандықтарын жеткізді.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: