ӨСКЕМЕН: «ӨСКЕМЕН МАЙ ЗАУЫТЫ» СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
Қазақстан сауда нарығында 15 жылдық тарихы бар «Өскемен май зауыты» (Усть-каменогорский маслозавод) «ҚМДБ халал» сертификатын қайта жаңартты.
Кәсіпорынның «Заречное», «Аскан», «Алтын Той» сауда белгілерімен шығарылатын тазартылған күнбағыс майлары 3:2016 «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сәйкес сертификатталды.
Мамандардың бірлесе жүргізген жұмыс қорытындысының оң нәтижесінен кейін Өскемен қаласы бойынша жауапты өкіл Үмбет Досжан мекеме басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын қайта табыстады.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі