Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 ақпан 2020

33

Жаңалықтар

БҚО: «ҚОРЖЫН» ЖӘНЕ «КӘУСАР» МЕКЕМЕЛЕРІ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің БҚО бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбек өз бақылауындағы кәсіпорындарды қайта сертификаттаудан өткізді.

БҚО өңіріндегі Қаратөбе ауданы, Қоржын ауылы, 23 үй мекен-жайындағы «Қоржын» қасапханасы мен «Салдырова Г.С.» ЖК-на қарасты Қаратөбе ауданы, Қоржын ауылы, 23 үй «Кәусар» дәмханасы «ҚМДБ халал» стандартына сай сертификатталды.

Аталған мекемелер 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарына сәйкес келетіні анықталды.

«ҚМДБ халал» сертификаты кез-келген кәсіпорынға келісілген бір жыл мерзімге беріледі. Осы уақыт көлемінде мекемелер бақылаушылардың қадағалауында болады. Келісілген мерзім аяқталғаннан кейін кәсіпорындар келісімшартты тоқтатуға немесе сертификат мерзімін ұзартуға құқылы.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: