Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 ақпан 2020

37

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: АҚПАН АЙЫНЫҢ ТЕКСЕРІСІ БАСТАЛЫП КЕТТІ

«ҚМДБ халал» сертификатына ие болған Алматы қаласындағы барлық мекемелер ақпан айының кезекті тексерісінен өтуде.

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратханның басшылығымен және қаланың әр ауданына бекітілген көмекші имамдардың көмегімен «Ozyurt» мейрамханалар желісі, шұжық өндірісімен айналысатын «Пир» ЖК, «Алхан» сауда белгісімен шығарылатын мұздатылған жартылай дайын өнімдері, шұжық өндіруші «Al’Ba Foods Company» кәсіпорны, «Бауырдақ» кафесі, және «ÇIÇEK-МАНГАЛ» дәмханасы тексерілді.

Тексіріс барысында жүргізілген акт қорытындысы бойынша «ҚМДБ халал» стандарты талаптарын бұзушылық жағдайлары анықталмады.

Алдағы күндері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған Алматы қаласындағы қалған мекемелерде ақпан айының тексерісі жалғасатын болады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: