«ҚАҒАНАТ» АСХАНАЛАР ЖЕЛІСІ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің бақылауындағы «Қағанат» асханалар желісі сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты «ҚМДБ халал» сертификатын қайта жаңартты.
Бүгін, халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков мұсылмандардың қара шаңырағында «Қағанат» асханасы басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын арнайы табыстады.
С.Сейтбеков елімізде халал асханалар санының көбеюі көз қуантарлығын, алайда, күллі мұсылман қауымы үшін адал ас ұсыну мен дайындаудың жауапкершілгі мол екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, «Халал Даму» ЖШС-ң өңірлік жауапты өкілдері ай сайын тұрақты тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұратындығын ескертті.
«Компания Қағанат сервис» ЖШС-ң Алматы қаласындағы 20 желісі, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3 желісі, Қарағанды қаласындағы бір асханасы жалпылай алғанда 24 желісі 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарына сәйкес сертификатталды.
Өңірлік бақылаушы-инспекторлардың қадағалауы мен технолог мамандардың бақылауындағы «Қағанат» асханалар желісінің қызметі мен өнімдері толықтай «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі