Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 ақпан 2020

18

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА: "ХАЛАЛ АС" ТАҚЫРЫБЫНДА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторы, қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Халал ас» тақырыбында тегін шеберлік сабағы өтті.

ҚМДБ, «Халал Даму» ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты маманы Перизат Шарапатова ханымдарға адал астың пайдасы мен халал өнімдер технологиясы жайлы түсіндіріп, халал индустрияға қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, шеберлік сағатында мешіт жамағаты кондитер Г.Утемалиева ханыммен бірге тәтті нан пісірудің қыр-сырын үйреніп, дайындалу үрдісімен танысты.

Шара соңында барлық қатысушылар шеберлік сабағында дайындалған тәтті наннан дәм татып, арнайы келіп білгенімен бөліскен ханымдарға алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу: