Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 ақпан 2020

38

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ: ХАЛАЛ ӨНІМДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін жұма намазынан кейін «Һибатулла Тарази» мешітінде «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған кәсіпорындар өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Халал өнімдері насихаттау және халыққа таныстыру мақсатында Жамбыл облысының бас имамы Қанат Жұмағұлдық мұрындық болуымен ұйымдастырылған игі бастамаға, ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейтбеков, «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов, технолог мамандар Еркетан Мақсұтова мен Арайгүл Бақытқызы қатысты.

Халал шұжық өнімдерінің орталығы саналатын Жамбыл өңірінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге «Ақниет», «Дас», «Тахир», «Исматов», «Әулиеата құс», «Қыдырбаев» сынды 10 шақты ірі  шұжық өндіруші кәсіпорындар қатысты.

Жәрмеңкеде дайын қамыр, тауық еті, шұжық, тартылған ет, ет секілді түрлі өнімдер халық назарына ұсынылды.

Еліміздегі халал шұжық өнімдерінің 30% Жамбыл облысында өндіріліп, ел ішіне ғана емес, көршілес Ресей секілді алпауыт мемлекеттерге де тасымалданады.

Жамбыл өңірінде халал стандарт бойынша өнім өндіретін шұжық цехтары санының артуы – халықтың "Халал Даму" мамандарының жұмысына сенімінің және «ҚМДБ халал» сертификаты бар өнімдерге деген сұранысының артқандығының көрінісі.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: