Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 наурыз 2020

34

Жаңалықтар

«АЛАТАУ-ҚҰС» ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл мен көмекші имам Сембеков Данияр өз аумағына қарасты «Алатау-құс» фабрикасын айлық тексерістен өткізді.

Тексеріс кезінде құс фабрикасының өндіріс барысында ҚМДБ халал стандарты талаптарын сақтауы  басты назарға алынады.

Тексеріс қорытындысы бойынша - құстардың жемі, өсірілуі, бауыздалуы, сақталуы, тасымалдануы стандартқа толығымен сәйкес келетіндігі, құс фабрикасы жұмысының барлық кезеңінде халал стандарт талаптары толығымен сақталғандығы анықталды.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Бөлісу: