СТЕПНОГОРСК ЖАМАҒАТЫ ХАЛАЛ ЖӨНІНДЕ УАҒЫЗ ТЫҢДАДЫ
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Муталов Степногорск қаласындағы іссапары барысында жамағатқа «Халал ас» жөнінде уағыз-насихат жүргізді.
"Паң Нұрмағамбет" мешітінің бас имамы Аубакиров Алмастың басшылығымен, мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен жиынға тұтынар асының халалдығына көңіл бөлетін жергілікті жамағат пен кәсіпкерлер қатысты.
Жиылған жамағатқа халал ас тұтынудың маңызы, тағам өнімдерін сатып аларда, тұтынарда аса берілуі тиіс жәйттар, күнделікті ас өнімдері құрамында жиі кездесетін тағамдық қоспалар, халал өнімдер дайындау технологиясы жөнінде құнды ақпаратпен бөлісті.
Шариғат талаптарына сай халал ас өндіру мен тұтынудың дүние мен ақыретте тигізер пайдасына тоқталып, кәсіпкерлерді халал стандартына сай жұмыс істеуге шақырды.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі