Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 қараша 2023

232

Жаңалықтар

АБАЙ ОБЛ.: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

«Халал Дамудың» Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақсуат, Көкпекті, Жарма, Абай аудандарында мешіт жамағатына «Адал ас – жан азығы» тақырыбында оқу-семинары өткізілді. Семинарды «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Айдын Жүнісбек жүргізді.

Оқыту барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айдын Жүнісбек: «Алла Тағаланың ұлы сөздері қасиетті Құран Кәрімде адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін айырып көрсеткен. Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Осы турасында «Бақара» сүресінің 168-аятында былай деп түсіндіреді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!», «Мәида» сүресінің 88-аятында: «Аллаһтың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» делінген», – деп халалдың салмағы мен сұрауы жөнінде мағұлмат берді.

Сонымен қатар, халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бөлісу: