Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 қыркүйек 2022

129

Жаңалықтар

Абай облысы: «Айша» сүт өнімдері тексерілді

«Халал Дамудың» Абай облысы бойынша жауапты өкілі Айдын Жүнісбек «Айша» сауда белгісімен шығарылатын «Қалиханұлы» сүт фабрикасында кезекті бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.

«Тексеріс барысында фабриканың барлық жұмыстарында халал стандарт талаптарының сақталуы басты назарға алынды. Сүт өнімдерін өндіру және қаптау барысында замануи және жоғарғы сапалы, әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде танылған Tetra Pak құрал-жабдықтары қолданылады. Сүт фабрикасының барлық процессінде «QMDB Halal» стандарт талаптары сақталған және өнімдер жоғары сапада өндірілуде. Тексеріс нәтижесі оң», – деп хабарлайды бақылаушы маман.


Бөлісу: