Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 сәуір 2024

462

Жаңалықтар

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АЙЛЫҚ АУДИТ

«Халал Даму» мамандарының Абай облысына іс-сапары барысында өңірдегі сертификатталған кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы және технолог Мейіржан Бауыржанұлы қатысты.

«Абай облысындағы аудит барысында «Arai East Food» шұжық цехы, «Adal as» кондитерлік кәсіпорны және жергілікті тамақтану орындары, ет дүкендері тексерілді. Тексеріс қорытындысына сәйкес, өндіріс орындарының санитарлық тазалығы, қолданыстағы техникалық құрал-жабдықтар сапасы жоғары деңгейде. Кәсіпорындар бекітілген халал талаптарын толықтай орындауда», – деп хабарлайды маманымыз.





Бөлісу: