Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 сәуір 2023

298

Жаңалықтар

АДАЛ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде  «Адал астың маңызы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы, ветеринар ісінің маманы Данияр Сафиев пен қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы және мешіт жамағаты қатысты.

Шара барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына тікелей байланысты» деп адал астың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндірді.

Технолог маман Данияр Сафиев халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады. Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, Ерболат Нұрылдаұлы тұшымды сөз сөйлеп, тың ақпараттармен бөліскені үшін «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.

Бөлісу: