 
                                                
                 
                АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы облысындағы «Malina Desserts», «Omar Pharm» және «Арафат» ет дүкендерінде бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков пен Талғар ауданының бас имамы Ринат Маратұлы орындады.
Аудит барысында кәсіпорындардың өнімдерінің халал стандарттарына сәйкестігі, қолданылатын шикізаттың шығу тегі, сақтау және өңдеу шарттары, сондай-ақ қызметкерлердің гигиеналық талаптарды сақтау деңгейі мұқият тексерілді. Сарапшылар өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде халал талаптарының сақталуын қадағалады.
Тексерістің оң нәтижесінен кейін «Malina Desserts», «Omar Pharm» кәсіпорындарына «QMDB Halal» сертификаты табысталды.










