Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 қазан 2025

14

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ІРІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

«Премиум А» шұжық өндірісі және «Ақнар кулинар» жартылай фабрикаттары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Аудит жұмыстарын «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров жүргізді.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік цехтары, шикізат жеткізу және сақтау бөлімдері, дайын өнімнің қапталуы мен тасымалдану кезеңдері егжей-тегжейлі тексерілді. Сарапшылар технологиялық процестердің халал стандарттарына сәйкестігіне, қолданылатын қоспалар мен ингредиенттердің қауіпсіздігіне, сондай-ақ персоналдың санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауына ерекше назар аударды.

Тексеру нәтижесінде екі кәсіпорынның да өндіріс жүйесі толықтай «QMDB Halal» стандартының талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Сертификат табыстау рәсімінде мамандар халал талаптарын тұрақты түрде сақтау маңыздылығын атап өтіп, болашақта өндіріс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар берді.

Бөлісу: