Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 қазан 2025

19

Жаңалықтар

«FAMILK» СҮТ ЗАУЫТЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Маңғыстау облысындағы «Familk» сүт зауыты тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған мамандар орындады.

Тексеру барысында зауыттың өндіріс цехтары, шикізат қабылдау және сақтау аймақтары, сондай-ақ дайын өнімді орау және сақтау процесі мұқият тексерілді. Сарапшылар өнімдердің халал стандарттарына сәйкестігін, қолданылатын шикізаттың шығу тегін және жеткізушілердің құжаттарын тексерді. Сонымен қатар қызметкерлердің гигиеналық талаптарды сақтау деңгейі, жабдықтардың тазалығы және өндірістік процестердің қауіпсіздігі бағаланды.

Аудит қорытындылары бойынша зауыттың өнімдері халал стандарттарына толық сәйкес келетіні анықталды. 


Бөлісу: