 
                                                
                 
                МАҢҒЫСТАУ: «КӨРКЕМ ӘЛЕМ» ЕТ КОМБИНАТЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Маңғыстау облысындағы «Көркем Әлем» ет комбинатында аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог мамандар орындады.
Аудит барысында комбинаттың өндіріс цехтары, ет қабылдау және сақтау орындары, өңдеу және орау бөлімдері егжей-тегжейлі тексерілді. Сарапшылар өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде халал стандарттарының сақталуын, қолданылатын шикізаттың шығу тегі мен сапасын, сондай-ақ қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау деңгейін бақылап шықты.
Тексеру нәтижесінде комбинаттың қызметі «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Сарапшылар тарапынан бірқатар ұсынымдар беріліп, халал сапасын тұрақты деңгейде сақтау және өндіріс тиімділігін арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.






