Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 маусым 2024

638

Жаңалықтар

«AISER» ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚАСАПШЫЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы облысы , Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында орналасқан  «Aiser» құс фабрикасының қасапшыларына семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков пен жергілікті мешіт имамдары дәріс оқыды. Семинар соңында қасапшыларға арнайы сертификат пен «қасапшы куәлігі» табысталды.

«Халал стандарты бойынша сертификатталған құс фабрикаларына қойылатын басты талап – құсты қолмен, шариғатқа сай бауыздау. Сол себепті әр қасапшының халал туралы толық мағлұматы болуы керек. Қазақ «тауық сойса да қасапшы сойсын» деген. Бір қарағанда оңай секілді көрінген қасапшылықтың шариғатымызда бекітілген, халал стандартта нақтыланған өзіндік талаптары мен ерекшеліктері бар» – деген өкіліміз мал бауыздау және  ет өңдеудің негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Өз кезегінде, дәріске қатысқан қасапшылар діни басқарма мамандарына алғысын білдірді.

 

Бөлісу: