Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 қараша 2024

238

Жаңалықтар

АЙБЕК АСҚАРБЕКҰЛЫ «ЖЕТІСУ» АРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Жетісу облысына іс сапары барысында жергілікті «Жетісу» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында отандық халал индустриясының хал-ахуалы төңірегіндегі мәселелер мен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының жұмысы мен бағыт-бағдарына тоқталып өтті.

«Еліміздегі күллі мұсылманның қара шаңырағы Діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету. Халал – бизнес немесе ақша табу алаңы емес. Бұл – шариғатымызда бекітілген, қасиетті Құран Кәрімде айтылған, Алланың талабы. Осы жолда әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылуда», – деген Айбек Асқарбекұлы тілші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, сұхбат барысында Жетісу өңіріндегі сертификатталған кәсіпорындарда айлық аудит шаралары жүргізілгенін жеткізді.

Бөлісу: