Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 маусым 2022

67

Жаңалықтар

Айбек Асқарбекұлы "Атамекен" ҚР ҰҚП жиынында

"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Жаркенов Тимур Зеилұлының  төрағалығы, сондай-ақ Техникалық реттеу департаментінің ұйымдастырумен өткен жиынға қатысты.

Бизнес құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары және стандарттау және сертификаттау саласындағы мамандар, аудиторлар мен заңгерлер қатысқан басқосуда  техникалық реттеу саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, сертификаттау саласындағы монополизация мен мемлекеттік бақылау шаралары, "Е-КТРМ" техникалық реттеудің ақпараттық жүйесін іске қосу.

"Халал" - Ислам дініне ғана тән ұғым екенін ескере отырып,  бұл мәселемен кәсіби қызметкерлермен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, яғни,  дін мамандары айналысқаны абзал. Сонымен қатар,  отандық халал өнімдерді экспорттау арқылы, халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды қалыптастырамыз. Халал өнімдердің сапасы мен саны да артып, халал өнім нарығын дамытамыз деп сенемін", - деді Айбек Асқарбекұлы.

Бөлісу: