Айбек Асқарбекұлы «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының» жиынында
Бас мүфии Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы» мен «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» ұйымдастырған «Әріптестік — тағамдық қауіпсіздікті қамтамассыз етуші фактор» тақырыбындағы бесінші халықаралық дөңгелек үстел жиынына қатысты.
«Халықаралық тағам қауіпсіздігі» күніне орай, «Дұрыс тамақтану және тағам қауіпсіздігі» жобасы аясында өткізілген жиын «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының» (ИОПБ) директоры Исмаил Абдель Хамид пен «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің» ректоры Есполов Тілектес Исабайұылының алғы сөзімен ашылды.
Египет, Түркия, Оман Сұлтандығы, Тәжікстан, Тунис, Иордания секілді өзге де шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандар қатысқан жиында Айбек Асқарбекұлы «Адал ас — жанның азығы, тәннің —шипасы» тақырыбында баяндама жасап, «Халал Дамудың» жұмыстары мен жетістіктері, бағыт-бағдары жөнінде ақпараттық слайдпен таныстырды. 2021 жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өткен «Halal Expo» көрмесіне қызығушылық танытқан жиын қатысушылары, 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланған «Halal Sammit» халықаралық форумына қатысуға мүдделі екендерін білдірді.
Сонымен қатар, қатысушылар отандық халал индустриясының қарқынды даму тенденциясын жоғары бағалап, бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үлесі зор екендігін жеткізді.
Жиын соңында, «Қазақ аграрлық зерттеу университетінің» кітапхана қорына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарық көрген «Халал — шариғат талабы» кітабы тарту етілді.