Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 тамыз 2021

194

Жаңалықтар

"АЙТАС-МП" ШҰЖЫҚ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Өскемен қаласындағы "Айтас-МП" кәсіпорнының "АМП" сауда белгісімен шығарылатын шұжық өнімдері "QMDB Halal" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Айтас-МП" – салқындатылған құс еті мен еттен шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорын. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын өндірісте инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы аз ғана уақыттың ішінде жоғары сапалы, сұранысқа ие өнімдер өндіріп, көпшілік тұтынушылардың көңілінен шыға білді. Кәсіпорынның өндіріс аумағы неміс, поляк және ресейлік қондырғылармен жабдықталған. Сонымен қатар, ауа мен су тазарту жүйесіне дейін барлық технологиялық кешен жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. "Айтас-МП" шұжық цехы өндіріс барысында негізгі шикізат ретінде "Айтас" құс фабрикасының құс еті өнімдерін қолданады. Біздің мамандардың қатысуымен өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шаралары өткізіліп, тиісті өнімдерге лабораториялық тексеріс жүргізілді. Аудит шараларының оң нәтижесінен кейін, "Айтас-МП" шұжық өндірісі "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды"– деп хабарлады Айбек Асқарбекұлы.

"Айтас-МП" шұжық өнімдері толықтай тексерілгендігін және "QMDB Halal" стандарты талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

Бөлісу: