Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 мамыр 2022

65

Жаңалықтар

«Алатау құс» фабрикасы тексеріледі

Алматы облысындағы ірі құс фабрикаларының бірі – «Алатау құс» кәсіпорнында бақылау-қадағалау шаралары өткізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технологтар Данияр Сафиев, Әсел Сыдық, жергілікті инспектор-контролер Жұмабеков Жанәбіл жүргізді.

«Алатау құс» фабрикасында инкубация цехы, құс бауыздау және ет өңдеу, шұжық өнімдерін дайындау секілді 5 түрлі цех жұмыс жасайды. Дайын өнімдерді стандарт талаптарына сай тасымалдау үшін логистика мәселесі де ойластырылған. Құс фабрикасын тексеру кезінде ең алдымен құсты қолмен бауыздау, жем-шөбінің стандартқа сәйкестігі, құс етін өңдеу процесстерінің бекітілген талап бойынша орындалуы қадағаланады. «Алатау құс» фабрикасындағы аудит нәтижесі бойынша өндіріс барысында бекітілген халал стандарты талаптарының толық сақталатындығы анықталды. Тексеріс нәтижесі оң», - деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.

Бөлісу: