«АЛАТАУ-ҚҰС» ФАБРИКАСЫНДА ХАЛАЛ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Алматы облысындағы «Алатау-құс» құс фабрикасында халал стандарттарының сақталу деңгейі тексерілді. Іс-шараға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және жергілікті бақылаушылар Жанәбіл Ахметбекұлы мен Өміржан Тұрсынұлы бірлесіп атқарды.
Тексеру барысында өндірістің негізгі кезеңдері қамтылып, құстардың дұрыс бауыздалуы, санитариялық жағдай, құрал-жабдықтардың тазалығы, шикізат пен дайын өнімді сақтау талаптары жан-жақты қаралды. Құстарға берілетін жем-шөптің құрамына ерекше назар аударылып, қолданылатын шикізат пен қоспалардың шариғат талаптарына сәйкестігі расталды.
Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорынның халал стандарттарын сақтау деңгейі оң бағаланды, өндіріс сапасын жетілдіру және талаптарды тұрақты сақтау бағытында ұсыныстар айтылды.
«Біз үшін ең бастысы – құстардың дұрыс бауыздалуы мен өнімнің шариғатқа сай болуы. Бұл тек стандартты сақтау емес, тұтынушыға сенім беру және адалдықтың кепілі», – деді Айбек Асқарбекұлы.






