Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 ақпан 2026

4

Жаңалықтар

АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДА ХАЛАЛ СТАНДАРТТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Астана қаласында халал стандарттарының сақталу деңгейін бағалау мақсатында бірқатар кәсіпорындар тексерілді. Аудитке технолог Нұрбек Қабыкенов пен жауапты өкіл Дулат Қадырұлы қатысты.

Тексеру барысында «Magnum» сауда желісінің нүктелері мен қаладағы ет дүкендері қаралды. Кәсіпорындардың өндіріс үдерісі, құжаттары, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі және өнімнің халал стандарттарына сай болуы жан-жақты бағаланды. Мамандар әр мекеменің өндіріс процесі мен өнім сапасын мұқият тексерді.

Қорытынды бойынша кәсіпорындардың көбісі талаптарға толық сай болып шықты, ал, кейбір жерде ескертулер беріліп, тиісті ұсынымдар жасалды.

Халал стандарттарын сақтау бойынша бақылау алдағы уақытта да тұрақты жүргізіледі.

    

Бөлісу: