АЛМАТЫ: «BURGER LAND» ТАМАҚТАНУ ОРТАЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Burger Land» дәмханасы «QMDB Halal» стандартының талаптарына толық сай келетінін дәлелдеп, халал сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Сертификат табыстау рәсімі кезінде кәсіп иесіне халал стандартының талаптары мен оның артықшылықтары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында «Халал Даму» мамандары өнімнің құрамы, шикізат жеткізушілер, санитарлық-гигиеналық жағдайлар, сондай-ақ қызметкерлердің арнайы дайындықтан өтуі секілді маңызды талаптарды назарға алды.
Айбек Асқарбекұлы өз сөзінде:
«Халал сертификаты – тұтынушының сенімін арттырып, адал әрі сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол кәсіп иесінің жауапкершілігін күшейтіп, нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деп атап өтті.