ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ҰН ЖӘНЕ НАН ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қарағанды қаласындағы ұн өндірісі мен нан өнімдері кәсіпорындарында халал стандарттарының сақталу деңгейі тексерілді. Іс-шараға технолог Ардақ Жұбанышева мен жауапты өкіл Амангелді Асқаров қатысты.
Тексеру барысында ұн өндірісі және нан өнімдері кәсіпорындарына «Дильназ», «Акжайык», «Дамир АА», «ADIASTYK», «Эталон ЛТД», сондай-ақ «Degirmen», «Lanzhou», «Baurdaq», «Parapa pizza», «Salemhcik», «Tex-tez plof», «Chicago» және «Maki-maki» тамақтану орындарында өндіріс үдерісі, құжаттар, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестік, шикізат пен дайын өнімнің халал стандарттарына сай болуы мұқият бағаланды. Мамандар әрбір кәсіпорынның өнім сапасын және өндірістік тәртіптің сақталуын жан-жақты тексерді.
Қорытынды бойынша талаптарға сай жұмыс істеп отырған кәсіпорындар мақұлданды, ал кейбір жерде ескертулер беріліп, тиісті ұсынымдар жасалды. Барлық нәтижелер хаттама түрінде рәсімделіп, жауапты тұлғаларға жеткізілді.
Халал стандарттарын сақтау бойынша бақылау алдағы уақытта да тұрақты жүргізіледі.







