Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 мамыр 2022

102

Жаңалықтар

«Алель Агро» құс фабрикасы тексерілді

Алматы облысындағы «QMDB halal» сертификатын алған барлық кәсіпорындарда өңірлік жауапты өкілдер мен мамандардың тікелей қатысуымен кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Осы жолғы бақылау-қадағалау шарасы «Алель Агро» құс фабрикасында өтті. Ревизорлық бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Бақзейнелұлы және Алматы қаласының жауапты инспектор-контролеры Маратхан Мұхтарханұлы орындады.

«Республикада өнеркәсіптік құс етін өндіру көлемі бойынша Алматы облысы алдыңғы орындардың бірінде. Құс етін өндіретін отандық кәсіпорындар арасында көш бастап тұрған, шариғат және халал стандарт талаптарына сай қызмет көрсетіп, өнім өндіретін агроөнеркәсіптік кешендердің бірі – «Алель Агро». «Алель Агро» құсфабрикасында құрама жем зауыты, құс сою цехі, сұрыптау терминалы мен инкубаторы жұмыс істейді.

«Алель Агро» құс фабрикасын бақылау-қадағалау шараларын жүргізген Данияр Бақзейнелұлы тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін, сонымен қатар аудит шараларын орындап қана қоймай, қасапшылар мен құс фабриканың өзге де қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар өткізілгендігін жеткізді.

Бөлісу: